yer7han
yer7han.bsky.social
yer7han
@yer7han.bsky.social
Кеше Фейсбукта бір америкалық “Балаңыз қанша жасқа да дейін сізбен бірге тұрады?” сұрақ қойыпты.

Біреу айтыпты: “Оқуын бітіріп, жақсы жұмыс тапқанша тұра берсе болады” деп.
Енді бірі “Менің балам 19 жасында кетіп еді, 24 жасында қайтып келді” дейді.
Тағы бір кісі “Қанша тұрам десе өз еркі, тек
February 26, 2025 at 8:18 AM
Владимир Зеленский:

- Соғысты тоқтату үшін қызметтен кетуге дайынмын.

- АҚШ бізге 350 млрд емес, 100 млрд доллар бөлді. Бірақ оны кредитке бермеген болатын.

- АҚШ әр долларды екі доллар қылып қайтар деді. Сондықтан келісе алмадық. Он украин ұрпағының мойнына қарыз болатын келісімге қол қоймаймын
February 24, 2025 at 3:19 AM
Ресейлік экономист Андрей Илларионов Трамптың кеше ақылға сыймайтын нәрселер айтуына бірнеше себеп болуы мүмкін дейді. Соның бірі — Трамптың бастан кетуі.

Төменде сурет Ақ үйдің Фейсбуктағы парақшасынан. “Жасасын король!” делінген
February 20, 2025 at 5:09 AM
Трамп тағы да Зеленскийдің быт-шытын шығарды. Өзінің TruthSocial әлеуметтік желісінде жариялаған постта ол Украина президентін “диктатор” деп атады.

“Біз Еуропаға қарағанда 200 миллиард доллар артық жұмсадық. Еуропаның ақшасына кепілдік бар, ал біз ештеңе қайтармайды.
February 19, 2025 at 4:42 PM
Лондон. Ұлыбританияның әр жерінен келген фермерлер жүздеген трактормен қаланың орталық көшелерін жауып тастады. Олар салық туралы заңға енгізген өзгерістерге наразы.

Демократия сөз бостандығына, жиналыс бостандығына еркіндік береді. Диктатурада жалғыз шерушіге он полицай жабылады.

Скрин: BBC News
February 11, 2025 at 11:54 AM
Сатира – қылмыс емес!
January 24, 2025 at 3:48 PM
Тоқаев осыған дейін отандық-шетелдік, тәуелді-тәуелсіз журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп көрді ме? Өткізбесе, бұл сұхбаттың құны көк тиын. Не айтқанын оқымай-ақ білуге болатын сұхбаттардың бірі
January 3, 2025 at 1:05 PM
"Мемлекет қайраткері болған жақсы ғой, бірақ ол үшін алдымен сайлауда жеңу керек".

Үндістанның бұрынғы премьері Манмохан Сингх айтыпты. Бірнеше жыл қаржы министрі боп, Үндістанды күйзелістен шығарған реформалар жасайды. Бірақ одан кейін парламент сайлауына түсіп жеңіледі. Сол кезде айтқан екен.
December 28, 2024 at 10:30 AM
Әзірбайжан депутаты Расим Мұсабеков: “Ұшақты Ресей территориясында атып құлатты. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Ресей бұл үшін кешірім сұрап, өтемақы төлеуі тиіс”.

Авиациялық сарапшы Джастин Крамп: “Ұшақтағы тесіктер ракетаның тиіп жарылуына қатты ұқсайды”.

Жолаушылардың бірі:
December 27, 2024 at 11:50 AM
Almaty region, Kokpek valley
December 20, 2024 at 8:18 AM
Алатау және Алматы бүгін
December 19, 2024 at 2:53 PM

Депутат Ардақ Назаров Түркістан қаласында арақ ішуге тыйым салатын заң қабылдауды ұсынды. “Ертең шетелден қонақтар келеді, сол кезде біздің азаматтарымыз алдынан арақ ішіп шықса ұят қой” дейді ол.

Одан да Ауғанстан бола салайық та, ол жаққа барсаң ешкім арақ ішіп алдыңнан шықпайды
December 19, 2024 at 11:35 AM